АҚШ рэперлері Головкинге үшінші әнін арнады

Лос-Анджелес қаласында тұратын америкалық рэперлер Марио Руис пен Омар Круз таяу уақытта қазақстандық боксшы Геннадий Головкин жайлы жаңа әнді таныстырады, - деп хабарлайды «PROСПОРТ».

"Студияда. Геннадий Головкин жайлы жаңа әнді әзірлеп жатырмыз", - деп жазды Руис Instagram желісіндегі парақшасында. Рэпер Головкин мен Давид Лемьенің жекпе-жегіне арналған баспасөз мәслихаттарының біріне қатыса алғанын жазды. "Ән Головкин - Лемье жекпе-жегінің қарсаңында шығады", - деп хабарлады Круз.

Еске салайық, америкалық рэперлер Марио Руиз бен Омар Круз қазақстандық боксшы, Геннадий Головкинге арнап бейнебаян шығарған болатын. Ән Good Boy Killa деп аталады. Рэперлер клиптің түсірілімі кезінде Геннадий Головкиннің 21 ақпанда Монакода ұлыбританиялық Мартин Мюррейге қарсы өтетін жекпе-жекке дайындығына қатысқан еді. Ал ең бірінші ән Mexican Style деп аталды және ол 2014 жылдың 18 қазаны күні АҚШ-та қазақстандық боксшының мексикалық Марко Антонио Рубионы мерзімінен бұрын жеңерінің алдында жарыққа шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или