Универсиада-2023: Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан күміс жүлдегер атанды

Универсиада-2023: Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан күміс жүлдегер атанды

Қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов Чэндуде (Қытай) өтіп жатқан жазғы Универсиадада күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz

Нариман спорттық гимнастикадан ерлер арасындағы жарыста 15,266 ұпай жинап, екінші орын алды. Бірінші орында Қытайлық Тайбэй спортшысы Ли Чин-кай (15,500), ал үшінші орынды оның отандасы Шяо Ю Цзян (14,933) иеленді.

Осылайша, Қазақстан қоржынында 19 жүлде бар: екі алтын, жеті күміс және он қола.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или