Буффон Италия құрамасына оралатынын хабарлады
Аты аңызға айналған қақпашы Джанлуиджи Буффон Италия құрамасына оралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
«Мен ұлттық құрамаға қайта ораламын, өйткені 30 жыл бұрын Коверчианоның табалдырығын алғаш аттаған бала әлі де армандап, итальяндық жанкүйерлермен бірге осы арманмен өмір сүргісі келеді», - деп жазды Буффон өзінің әлеуметтік желісінде.
Буффон ұлттық құрамаға қай рөлде оралатынын жазбады.
2 тамызда Буффон футболдан кететінін жариялады. Буффон мансабының көп бөлігін «Ювентуста» өткізді. Туриндік клуб сапында қақпашы 10 рет Италия чемпионы атанды, бес рет ел кубогын, алты рет суперкубокты жеңіп алды.
2006 жылы Джанлуиджи Буффон Италия құрамасы сапында әлем чемпионы атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или