Универсиада-2023: Милад Карими күміс медаль алды
Гимнаст Милад Карими Чэндуде (Қытай) өткен жазғы Универсиадада күміс медаль алды, деп жазады Prosports.kz.
Ол спорттық гимнастикадан еркін жаттығуда екінші орын алды. Милад 14,300 ұпай жинады. Ал жапониялық Кайя Казумага (14,333) алтын, оңтүстіккореялық Рю Сонхён (13,900) қола жүлдегер атанды.
Қазақстанның тағы бір өкілі Дмитрий Патанин 13,566 ұпаймен бесінші орынға жайғасты.
Осылайша, қазір Қазақстан құрамасының қоржынында медаль бір алтын, алты күміс және сегіз қола медаль бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или