Қазақстандық таэквондошылар Қытайдағы Универсиадада қола медаль алды
Қазақстан командасы Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан Универсиада-2023 ойындарында тағы бір медаль алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық спортшылар таэквондодан командалық жарыста ел қоржынына 13-медальді салды.
Айта кетейік, 31-кезекті Дүниежүзілік жазғы Универсиада Чэнду қаласында 28 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді. Жарысқа Қазақстан атынан 90 спортшы қатысып жатыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или