Будапешттегі дзюдодан «Мастерс» турнирінің алғашқы күнінің трансляциясы
3-6 тамыз аралығында Будапеште өтетін Masters турнирінде белдеседі.
Елдос ең жеңіл салмақта, яғни 60 келіде өнер көрсетеді. Бұдан бөлек, ел намысын қорғайтындар тізімінде Мағжан Шамшадин, Нұрқанат Серікбаев, Ғұсман Қырғызбаев, Жансай Смағұлов сияқты спортшылар бар.
Ал орта және ауыр салмақтарда Данияр Шамшаев, Абылайхан Жұбаназар, Дидар Хамза, Нұрлыхан Шархан және Ғалымжан Қырықбай күреседі. Қыздар арасында Ғалия Тынбаева, Аруна Жангельдина, Камила Берліқаш және Ақерке Рамазанова жүлдеге қол созып көрмек.
Байрақты бәсеке тамыздың 4-і мен 6-сы аралығында болады. Оған 46 елден 400-ден аса таңдаулы спортшы қатысады. Жарыс жеңімпаздарына рейтингтік ұпайлар таратылады.
Жарысты QazSport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетеді. Жекпе-жектер 21:00-де басталады.