Дзюдо. Әлем чемпионатының екінші күні аяқталды

Астанада өтіп жатқан дзюдодан Әлем чемпионатының екінші күні аяқталды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Біздің спортшылардың ішінен Елдос Жұмақанов (66 келі) медальға бір табан жақын болды. Өкінішке орай Елдос жартылай финалда былтырғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері ресейлік Михаил Пуляевке жол беріп қойды. Қола медлаь үшін өткен кездесуде қазақстандық дзюдошы екі дүркін әлем чемпионы және Олимпиада ойындарының жүлдегері өзбек спортшысы Ришод Собировтен де жеңіліп қалды. Қалай дегенмен, біздің спортшы барлық кездесулерінде қайсар мінез танытып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

66 келі салмақта әлем чемпионы атағын Оңтүстік Корея елінің өкілі Баул Ан жеңіп алды. Ол финалда ресейлік Михаил Пуляевтен басым түсті. Ришод Собиров және Израильден келген Голан Поллак қола медальді иеленді.

52 келідегі қыздар бәсекесінің финалында жапониялық Мисато Накамура румыниялық Андреа Читуді жеңді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін татамиге төрт қазақстандық шыққан болатын. Азамат Мұқанов және Олеся Куценко екеуі бірінші белдесулерінде сәтсіздікке ұшырады. Ал, Ленария Мингазова үшінші айналымда 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері бразилиялық Миранда Эрикадан жеңілді.

Ертең, қыздар арасында 57 келіде, ерлер арасында 73 келіде кездесулер өтеді. Қазақстан атынан тек Дастан Ықыбаев жарыс жолына шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или