Дзюдо. Әлем чемпионаты. Бүгін сәтсіз күн

Бүгін Әлем біріншілігінде 66 келі салмақтағы дзюдошыларымыздың жолы болмады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Осы салмақта қазақ елінің намысын екі бірдей спортшымыз қорғаған еді. Алайда Азамат Мұқанов алғашқы кездесуінен сүрініп, жарысты жалғастыра алмады.

Елдос Жұмаханов алдына жан салмады. Ол өзінің төрт кездесуінде де таза жеңіске қол жеткізіп, жартылай финалға жолдама алды. Алдымен кипрлік Андреас Крассосты, одан кейін тунистік Хусем Халфауиді, одан кейін ұлыбританиялық Колин Оатсты ұтса, жартылай финал жолдамасы үшін Азия мен Азия Ойындарының чемпионы моңғолиялық Тумурхулег Даваадорждан басым түсті. Үшінші орынға Ришод Собировпен күресіп, жеңіліс тапты. Нәтижесінде бесінші орынға тұрақтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или