Ақтауда шахматтан мектеп Әлем чемпионаты басталды
3-8 тамыз аралығында Ақтау қаласында (Қазақстан) Каспий теңізінің жағасында әлемде тұңғыш рет World Schools Team Championship мектеп Әлем чемпионаты өтеді.
Чемпионаттың ерекшелігі оған шахмат клубтары мен секцияларының тәрбиеленушілері емес, қарапайым мектеп оқушылары-шахмат әуесқойлары қатысады.
Әлем чемпионатын халықаралық және Қазақстандық шахмат федерациясы ұйымдастырады.
Турнирге 50-ден астам елден 400-ден астам шахматшы қатысады.
Чемпионатта Қазақстанның атынан еліміздің алты қаласынан 10 мектеп қатысады. Турнир Halyk Arena спорт сарайында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или