Қазақстандық боксшы Флойд Мейвезермен спарринг өткізеді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров (27-0, 20КО) бұрынғы әлем чемпионы кіші Флойд Мейвезермен кездескенін айтты, деп жазады Prosports.kz.
Жанқоштың айтуынша, ол Флойдты Лас-Вегастағы бокс залында кездестірген. Даңқты бокс Тұраровты спаррингке шақырды.
«Бүгін әлемдегі ең бай боксшы Флойд Мейвезерді кездестірдім. Мені келесі аптада спаррингке шақырды. Оған біздің ескі фотосуретті көрсеттім. Ол есінде екенін айтты. Флойдқа ризамын», — деп жазды Тұраров Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Жанқош Тұраров Лас-Вегаста (АҚШ) оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Биыл наурыз айында ол мексикалық Алехандро Менесесті жеңіп, IBO тұжырымы бойынша бірінші жартылай орта салмақта чемпион атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или