Қытайда өтіп жатқан Универсиадада Қазақстан тағы бір медаль жеңіп алды
Қазақстанның қоржыны Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан Универсиада-2023 ойындарында тағы бір медалімен толықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандықтар он метрден мылтық атудан командалық есепте ел қоржынына бесінші медальді салды. Үшінші нәтижені Константин Малиновский, Ислам Сәтбаев және Никита Шахторин көрсетті.
«Алтынды» Үндістан құрамасы жеңіп алса, «күмісті» жарыс қожайыны Қытай иеленді.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық атқыштар 50 метр қашықтықтан үш позициядан мылтық атудан командалық жарыста күміс жүлдегер атанған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или