Қазақстандық боксшы WBA рейтингінде жоғарылады
Қазақстандық боксшы Сұлтан Зәуірбек Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) рейтингінде жоғарылады, деп хабарлайды Prosports.kz.
21 шілдеде Эдинбургте (Шотландия) Зәуірбек испаниялық Джон Картерді үшінші раундта жеңіп, карьерасындағы 15-жеңісіне қол жеткізді.
Екінші жеңіл салмақтағы WBA рейтингінде Сұлтан оныншыдан жетінші орынға көтерілді.
Бұл салмақта WBA титулы америкалық Эктор Луис Гарсияға тиесілі. Ал топ-3 тізіміне кіші Ламонт Роуч (АҚШ), Отар Эраносян (Грузия) мен Джоно Кэрролл (Ирландия) кіреді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или