Жазғы универсиададан алтын алған Рита Бакишева жеңісі жөнінде пікір білдірді
Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиададан алтын алған таеквондошы Рита Бакишева (48 келі) бүгінгі жеңісі жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық спортшы өз салмағында финалда Қытайлық Тайбейден келген Хуань Инь Суаньнан басым түсті.
Осылайша ел құрамасына алғашқы алтын медальді салды.
«Маған сенім артып, қолдау білдірген баршаңызға ризашылығымды білдіремін. Алдағы уақытта да жанкүйерлерді жеңіспен қуантамын деген үміттемін. Бұл жолы бүкіл қарсыластарым оңай болған жоқ. Әрбірінің жарысқа үлкен дайындықпен келгені байқалып тұрды. Мен алтын алатыныма сенімді болдым. Сол мақсатта өз шеберлігімді көрсете білдім», - деді Рита Бакишева.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или