Универсиада: Қазақстандық спортшы бір күнде үш медаль жеңіп алды
Қазақстандық Елжана Таниева Чэнду қаласында (Қытай) өтіп жатқан Универсиада ойындарының көркем гимнастика бәсекесінде үшінші медалін жеңіп алды, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
Ол лентамен жаттығуда 29,150 ұпай жинап, екінші орын алды. Таниева украиналық Кристина Пограничнаяға (29,300) есе жіберді. Қола медаль әзербайжандық Зохра Агаримоваға (29,150) бұйырды.
Қазақстанның тағы бір өкілі Айбота Ертайқызы 28,550 ұпай жинап, алтыншы орын алды.
Айта кетейік, Елжана Тәниева бүгін, 31 шілдеде тағы екі медаль (шығыршықпен жаттығуда қола, доппен жаттығуда күміс жүлде) жеңіп алған.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында он жүлде түсті (бес күміс және бес қола).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или