Қазақстан қоржынына Универсиада үшінші медаль түсті
Чэнду қаласында (Қытай) өткен жазғы Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасы үшінші медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Никита Чирюкин оқ атудан күміс жүлдегер атанды. Қазақстандық тапаншадан 25 метр қашықтықтан жылдам ату бойынша 27 ұпай жинап, екінші орын алды. Бұл пән бойынша «алтынды» чех спортшысы Матей Рампула (29 ұпай) жеңіп алды. Қола жүлде поляк Оскар Миливекке бұйырды (23 ұпай).
Бұған дейін Қазақстан оқ атудан тағы бір күміс медальді еншіледі: командалық есепте 50 метр қашықтықтан үш позициядан мылтық ату бойынша екінші орынды Константин Малиновский, Ислам Сәтбаев және Никита Шахторин иеленді..
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или