Лемье Головкинді сегізінші раундта нокаутқа түсіруге уәде берді

IBF чемпионы Давид Лемье (34-2, 31 КО) қазақстандық Геннадий Головкинді сегізінші раундта нокаутқа түсіруге уәде берді.

«Мен GGG-ді сегізінші раундта нокаутқа жіберемін. Бұл туралы бәріне айтуларыңызға болады. Мен бокс тарихына өз атымды енгізгім келеді, мені бүкіл әлем білгенін қалаймын», - деді канадалық боксшы.

Еске сала кетейік, Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасына жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ. Кездесуді «Қазақстан» телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Тengrinews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или