Украиналық Олимпиада чемпионы ресейлік қарсыласының қолын алмағаны үшін жарыстан шеттетілді

Украиналық Олимпиада чемпионы ресейлік қарсыласының қолын алмағаны үшін жарыстан шеттетілді

Семсерлесуден әлем чемпионатында украиналық Ольга Харлан жарыстан шеттетілді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Украиналық сабляшы Ольга Харлан жарыстың 1/32 айналымында ресейлік Анна Смирновамен кездесіп, 15:7 есебімен жеңген болатын.

Кездесу аяқталған соң ресейлік спортшы украиналықтың қолын алмақ болған. Алайда Украина өкілі қарсыласының қолын алмай, жауап ретінде оған саблясын көрсеткен. Бірнеше секундтан соң ол бұрылып, жарыс алаңынан кетіп қалды.

1/16 финалда Харлан болгариялық споршымен кездесуі керек еді. Алайда ол жарыс жолағына шыққан жоқ.

Халықаралық семсерлесу федерациясының регламентіне сәйкес, Харлан ереже бұзғаны үшін қара карточкамен жазаланбақ. Осылайша, екі айға дейін турнирлерге қатыса алмайды. Демек, ол Миландағы әлем чемпионатының командалық турнирінен де сырт қалады.

Ольга Харлан саблямен семсерлесуден Бейжің Олимпиадасының чемпионы, Лондон және Рио Олимпиадаларының жүлдегері. Әлемнің алты дүркін, Еуропаның 8 дүркін чемпионы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или