Мбаппе 700 миллион еуро жалақысынан бас тартты

Мбаппе 700 миллион еуро жалақысынан бас тартты

Француздық шабуылшы Килиан Мбаппе «Әл-Хилал» футбол клубының менеджерлерімен келіссөздерді үзді. Саудиялық клуб ПСЖ шабуылшысы үшін 300 миллион еуро ұсынып, маусымына 700 миллион еуро жалақы беруге уәде берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша ПСЖ мен "Әл-Хилал" өкілдерінің күні кеше басталған келіссөздері нәтиже бермеді. Килиан Мбаппе Сауд Арабиясының ең атақты клубтарының біріне ауысқысы келмеді.

Аль-Хилал француз суперклубына 24 жастағы шабуылшының трансфері үшін 300 миллион еуро ұсынған. Сауд Арабиясы командасының өкілдері Парижге Килиан Мбаппемен келісімшартты талқылау үшін арнайы келген.

Алайда Мбаппе бұл тақырып туралы айтқысы келмеді: ойыншының менеджерлері келіссөздерден бас тартты. Сарапшылардың пікірінше, француздық шабуылшы ешқашан Сауд Арабиясы чемпионатына ауысуға мүдделі болмаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или