Әліптің командаласы «Аль-Хилальға» ауысты
Ресейлік төлқұжаты бар бразилиялық шабуылшы Малком Сауд Арабиясының «Әл-Хилал» командасына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған дейін Малкомның саудиялық клубпен үш жылдық келісімшартқа отыратыны хабарланған болатын.
2022/2023 жылғы маусымда бразилиялық «Зенит» сапында 33 матчқа қатысып, 26 гол соқты және 7 нәтижелі пас берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или