Әлем біріншілігін тамашалауға мыңға жуық бапкер мен лауазымды тұлғалар келеді

24-30 тамыз аралығында Қазақстанның елордасы Астана қаласында елімізде алғаш рет дзюдодан Әлем біріншілігі өткізіледі, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Оған 123 мемлекеттен 823 спортшы қатысады деп жоспарланған. Сонымен бірге, елордаға 1000-ға жуық қонақ келеді деп күтілуде. Олардың ішінде бапкерлер мен федерация басшылары және басқа да лауазым иелері бар. Байрақты бәсеке барысында жұмыс істеу үшін 160 журналист тіркеуден өтуге өтініш жасады. Бұл чемпионат Олимпиада қарсаңында өткізілетіндіктен, барлық мемлекеттер үшін маңызды.

Әлем біріншілігі «Алау» мұзайдынында өткізіледі. Жарыс ерлер мен қыздар арасында 7 салмақ дәрежесі бойынша ұйымдастырылады және соңғы күні командалар өзара сынға түседі. Халықаралық дзюдо федерациясы басшылығының қатысуымен ресми баспасөз-конференциясы бүгін, 23 тамыз күні сағат 14:30-да «Риксос» қонақ үйінде өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или