Бублик Уимблдон турнирінде эйс саны бойынша екінші нәтиже көрсетті

Бублик Уимблдон турнирінде эйс саны бойынша екінші нәтиже көрсетті

Қазақстандық теннисші Александр Бублик (ATP рейтингінде 27-ші) British Open Wimbledon - 2023 ерлер арасындағы турнирінің қорытындысы бойынша эйстер санынан үздік рейтингке енді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық эйстар саны бойынша екінші нәтиже көрсетті. Ол турнирде төрт кездесуде 84 эйс орындады. Бірінші орында америкалық Кристофер Юбанкс (31) – 102 рет, үшінші – серб Новак Джокович (2) – 68. Бұл ретте Юбанкс Александрдан бір матч артық, ал Джокович – үш матч артық өткізген.

Еске салайық, қазақстандық ойыншы Уимблдоннан 1/8 финалдық кезеңде ұшып кетті. Бубликті ресейлік Андрей Рублев (7) ұтты. Матч 5:7, 3:6, 7:6 (8:6), 6:7 (5:7), 4:6 есебімен аяқталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или