Танымал ресейлік спортшының ұлы Қазақстан құрамасына ауысу үшін өтініш берді
Конькимен жүгіруден 1994 жылғы Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері, ресейлік Сергей Клевчнияның ұлы Қазақстанға ауысады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Ресей конькимен жүгірушілер одағының президенті Николай Гуляев аталған ақпаратты растады. "Никита Клевченя Қазақстан командасына ауысу туралы өтініш берді", - деді Гуляев.
ТАСС мәліметінше, Ресей спорт министрлігінің 3 шілдедегі бұйрығысен спринттен сынға түсетін Клевченя Ресей құрамасына кандидаттар тізімінен шығарылған.
Никита Клевченя 23 жаста. Оның әкесі Сергей Клевченя 1994 жылғы Олимпиадада күміс және қола жүлдегер атанған. Ол көктемнен бері қазақстандық конькишілерді жаттықтырады.
Сондай-ақ Ресей конькимен жүгірушілер одағы Кристина Силаеваның да Қазақстанға ауысу туралы өтініш бергенін растады.