Новак Джоковичке айыппұл салынды

Новак Джоковичке айыппұл салынды
Сербиялық теннисші Новак Джоковичке Уимблдонның финалындық матчындағы әрекеті үшін 8 мың доллар айыппұл салынды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Газета.RU журналист Майк Диксонға сілтеме жасап жазды. Испаниялық теннисші Карлос Алькарас бесінші сетте брейк жасады. Осыдан кейін есеп 3:1 болып, Алькарас алға шықты, осы кезде Джокович ракеткасын тордың тіреуіне соғып, оған із қалдырған. Бұл әрекеті үшін сербиялық спортшы матчтың төрешісінен ескерту алды. Оның ракеткасы жарамсыз болып қалды.

Матч 1:6, 7:6, 6:1, 3:6, 6:4 есебімен испаниялық теннисшінің жеңісімен аяқталды.

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (ATP) рейтингінде Алькарас 1, ал Джокович 2-орында тұр. Үздік үштікті ресейлік Даниил Медведев түйіндеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или