Допингпен ұсталған Олимпиада жүлдегерлері сыйақы мен пәтерді неге қайтармайды. СДШ комитеті жауап берді

Допингпен ұсталған Олимпиада жүлдегерлері сыйақы мен пәтерді неге қайтармайды. СДШ комитеті жауап берді

Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов допингпен ұсталған Олимпиада жүлдегерлері мемлекеттен берілген ақшалай сыйақы мен пәтерді неге қайтармай жүргенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мәдениет және спорт министрлігі Ұлттық олимпиада комитетімен, түрлі спорт федерацияларымен бірге допинг қолданған спортшыларға төзімсіздік таныту қағидатын ұстанады», - деп жазылған редакция сауалына жолдаған жауапта.

Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов берген жауапқа қарағанда, қолданыстағы заң допинг қолданған спортшылардың жағында.

«Спортшылардан (Олимпиада жүлдесі үшін алған – ред) пәтерлер мен ақшалай сыйақы қайтарып алынбайды. 2019 жылдың соңында «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңға ақшалай көтермелеу мен баспананы қайтару туралы тиісті түзетулер енгізілген», - деп жазады комитет басшысы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или