Ирландиядағы раллиде екі шабандоз жол апатынан көз жұмды
Ирландиядағы Sligo Stages Rally жарысында екі шабандоз жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы Ирландия Ұлттық автоспорт (Motorsport Ireland) сайтында хабарланды.
Қайғылы оқиға Баллимот ауылы маңындағы раллидің алтыншы арнайы кезеңінде болды. Нәтижесінде жарыс тоқтатылды. Ирландия полициясы мен Motorsport Ireland тергеуді бастады.
Осыған байланысты Халықаралық автомобиль федерациясы (FIA) көңіл айтты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или