Уимблдонның алғашқы финалисі белгілі болды
Чехиялық теннисші, әлемнің 42-ракеткасы Маркета Вондроушова Уимблдон турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бейсенбі күні өткен жартылай финалдық кездесуде ол әлемдік рейтингте 76-орында тұрған украиналық Элина Свитолинаны жеңді. 1 сағат 14 минутқа созылған матч 6:3, 6:3 есебімен аяқталды.
Еске салайық, екінші финалист тунистік Онс Жабер мен Беларусь теннисшісі Арина Соболенко арасындағы ойында анықталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или