Қазақстандық футболдың ардагері Сейілда Байшақов дүниеден өтті
12 шілдеде қазақстандық футболдың ардагері Сейілда Байшақов дүниеден өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Сейілда Икрамұлы 72 жасында қайтыс болды. Ол 1971-1981 жылдар арасында «Қайратта» ойнады, команда капитаны әрі көшбасшысы болды. КСРО құрамасы сапында екі ресми матчқа қатысты.
Карьерасын аяқтаған соң ол 1982-1986 жылдар арасында алматылық клубтың бапкерлік штабында жұмыс істеді. «Қайрат» бірінші вице-директоры қызметін де атқарды. 2016 жылы 28 қарашада Қазақстан футбол федерациясының президенті болып сайланып, 4 жыл сонда еңбек етті.
Prosports.kz редакциясы Сейілда Икрамұлының отбасы мен жақындарына көңіл айтады!
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или