Рыбакина Уимблдон-2023 турнирінің ширек финалына шықты
Әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон-2023 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстанның бірінші ракеткасы 1/8 финалда бұған дейін тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцеваны ұтқан Бразилия өкілі Беатрис Хаддад-Майямен кездесті.
Кездесудің 18-минутында Беатрис медициналық тайм-аут алды, бірақ кортқа оралған соң көзіне жас алған спортшы ойынды жалғастырудан бас тартты, себебі әлі белгісіз.
Рыбакина келесі айналымда тунистік Онс Жабер мен чехиялық Петра Квитовара жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или