Тур де Франс Гранд-Тур-2023: "Astana" велошабандозы жарыстан шеттеп қалды

Тур де Франс Гранд-Тур-2023: "Astana" велошабандозы жарыстан шеттеп қалды

"Astana Qazaqstan Team" вело-командасының спортшысы Марк Кавендиш Тур де Франс Гранд-Турының 8-кезеңінде жарыстан шеттеп қалды.

"Хабар 24-тің" хабарлауынша, қазақстандық команданың капитаны мәре сызығына 63 шақырым қалғанда құлап, оң иығын жарақаттаған.

Кейін велошабандоз ауруханаға жеткізілді. Марк Кавендиш "Тур де Франстың" жетінші кезеңінде екінші орын алған еді. Ал "Астаналық" вело-спортшы үшін сәтсіз аяқталған сегізінші кезеңде даниялық Мадс Педерсен жеңімпаз атанды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или