«Барыстың» жаңа ойыншысы бір маусымда 200 миллион теңгеге жуық табыс табады

«Барыстың» жаңа ойыншысы бір маусымда 200 миллион теңгеге жуық табыс табады

«Барыстың» 26 жастағы чех қорғаушысы Давид Скленичканың жалақысы шамамен 200 миллион теңгені құрайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Айта кетейік, 5 шілдеде «Барыс» Скленичкамен 2023/24 маусымының соңына дейін келісімшартқа отырғанын хабарлаған болатын.

Чехиялық хоккейші ҚХЛ-да «Цокерит» сапында өнер көрсетті. Өткен маусымда қорғаушы 55 кездесу өткізіп, 33 (7+26) ұпай жинады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или