Қазақстанның бірінші ракеткасы Уимблдондағы тарихи нәтиже үшін қанша табыс тапты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Уимблдондағы тарихи нәтиже үшін қанша табыс тапты

Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик British Open 2023 (Уимблдон) турнирінің төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/16 финал кездесуінде қазақстандық неміс спортшысы Максимилиан Мартерерді (АТР рейтингінде 170-ші) үш сетте сенімді жеңді. Бұл жеңісімен Бублик мансабында алғаш рет Үлкен дулыға турнирінің төртінші кезеңіне өтті.

Төртінші айналымға өткені үшін қазақстандық 207 000 фунт (шамамен 118 миллион теңге) табыс тапты.

Айта кетейік, 1/8 финалдық кездесуде Бублик Рублев-Гоффин жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или