Бублик мансабында алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің төртінші айналымына шықты

Бублик мансабында алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің төртінші айналымына шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик (әлемнің 26-ракеткасы) Уимблдон турнирінің 4-ші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші раундтағы кездесуде Бублик ATP рейтингінде 170-ші орында тұрған неміс Максимилиан Мартерерді 6:4, 6:1, 7:6 (7:4) есебімен ұтты.

Ширек финалға шығу үшін Бублик ресейлік Андрей Рублев пен бельгиялық Давид Гоффин арасындағы кездесудің жеңімпазымен күш сынасады.

Осылайша, қазақстандық теннисші мансабында алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің төртінші айналымына шықты.

Еске салайық, Уимблдон-2023 негізгі жарыстары Ұлыбританияда 2023 жылдың 3-15 шілдесі аралығында өтеді. Турнирдің жалпы жүлде қоры 44,7 миллион фунт стерлингтен асады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или