Футзалдан Чемпиондар лигасы жеребе тарту рәсімінің тікелей трансляциясы
Бүгін футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының алдын ала және негізгі кезеңдерінің жеребе тарту рәсімі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің жеребе тарту рәсіміне қазақстандық екі клуб қатысады - алматылық «Қайрат» пен Рудныйдың «Аяты».
Негізгі кезең матчтары 24-29 қазан аралығында өтеді, элиталық кезең 28 қарашада басталып, 3 желтоқсанда аяқталады. Негізгі еуропалық турнирдің финалы келесі жылдың мамыр айына жоспарланған.
Негізгі кезең екі нұсқа форматында өтеді:
А нұсқасы. Бұл жолда қазіргі чемпион «Пальма», рейтингтегі келесі 11 үздік клуб және 16-дан 19-ға дейінгі командалар болады.
Б нұсқасы. Бұл жолда рейтингте 12-15 және 20-22-орында тұрған командалар, сондай-ақ алдын ала кезеңнің тоғыз жеңімпазы болады.
Жеребе тарту рәсімінің тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады. Трансляцияны мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.