Қанат Исламды жеңген боксшы Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды

Қанат Исламды жеңген боксшы Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды

Ұлыбританиялық боксшы Джимми Келли Қазақстанда Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

«Жекпе-жекке үміткерлер қатарында менің де есімім болуы керек деп санаймын. Мен Қазақстанынң танымал боксшысы Қанат Исламды жеңгенмін. Сол жекпе-жектің арқасында атымды ол жақтағылар жақсы біледі. 

Ал салмаққа келер болсақ, мәселені өзіне қалдырғым келеді. Ол орта да, екінші орта салмақта да жекпе-жек өткізуге лайық. Сондықтан таңдау өзінде. Маған бәрібір. Оны өз елінде жеңуге қауқарлымын деп ойлаймын», — деді боксшы.

Бұған дейін Головкинді Джон Райдер де Қазақстанда жекпе-жек өткізуге шақырған болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или