Абель Санчес: «Головкин Лемьені нокаутқа төртінші раундта жібереді»

Абель Санчес: «Головкин Лемьені нокаутқа төртінші раундта жібереді»

Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес шәкіртінің алдағы қарсыласы канадалық боксшы Давид Лемьені уақытынан бұрын жеңетінін айтады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Екеуі де жекпе-жек кезінде бір-бірінен қауіптенеді. Ал, екінші раундтан бастап Г.Головкин джеб әдісін пайдаланып, қарсыласы Д.Лемьені ұра бастайды. Үшінші раунд екі боксшы үшін де маңызды болмақ. Төртінші раундқа келген Геннадий Головкин Давид Лемьені нокаутқа жібереді», - дейді Абель Санчес.

Еске сала кетейік, WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин 2015 жылдың 17 қазанында (Астана уақытымен 18 қазан) АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында канадалық Давид Лемьеге қарсы жекпе-жекке шығады.

Кездесуді «Қазақстан» Ұлттық арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или