Дубайда жекпе-жек өткізетін қазақ боксшысы маңызды мәлімдеме жасады
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Тұрсынбай Құлахмет (4-1, 3 КО) Instagram желісіндегі парақшасында келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Мен сіздермен жақсы жаңалығыммен бөліскім келеді. Үлкен спортқа қайта оралдым. Біз дайындығымызды бастадық. Келесі жекпе-жегім Дубайда өтеді. Уақыты да, қарсыласы да жақын арада белгілі болады», – деп жазды Құлахмет.
BoxRec.com бұған дейін Құлахметтің келесі жекпе-жегі 22 шілдеде Дубайда (БАӘ) өтетінін хабарлаған болатын. Қарсыластың аты аталмады.
Тұрсынбай Құлахмет үшін бұл жекпе-жек 2021 жылдың қазан айынан бергі бірінші жекпе-жек болмақ, ол Лондонда (Ұлыбритания) доминикандық Хуан Карлос Абреудан (25-7-1, 23 КО) нокаутпен жеңіліп, мансабындағы алғашқы жеңіліске ұшырады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или