Уимблдон-2022 финалисі жарыс басталар алдында турнирге қатысудан бас тартты
Уимблдонның былтырғы финалисі, аустралиялық теннисші Ник Кирьос жарақатына байланысты турнирге қатысудан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бүгін, 3 шілдеде ол бірінші айналымдағы матчын өткізуі керек еді, оның қарсыласы былтырғы жарыстың ширек финалисі, бельгиялық Дэвид Гоффин болатын.
Еске салайық, осы маусымда Ник Кирьос бір ғана матч өткізді: маусым айында Штутгарттағы (Германия) турнирдің бірінші айналымда жеңіліп қалған еді. Осы уақытқа дейін теннисші жарақатынан айығып жатқан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или