Айбар Ержанов пауэрлифтингтен Азия, Тынық мұхит, Африка өңірінің 10 дүркін чемпионы атанды

Айбар Ержанов пауэрлифтингтен Азия, Тынық мұхит, Африка өңірінің 10 дүркін чемпионы атанды

ҚР Мемлекеттік күзет қызметі қызметкері Айбар Ержанов пауэрлифтингтен Азия, Тынық мұхит, Африка өңірінің 10 дүркін чемпионы атанды.

Ол 26-30 маусым аралығында Гонконг қаласында пауэрлифтингтен өткен чемпионатта экипировкалы және классикалық біріншілік түрлерінен бас-аяғы 10 алтын медаль жеңіп алды.

photoСонымен қатар Айбар классикалық сығымдап көтеруден Азия рекордын екі рет жаңартты.

Азия, Тынық мұхит, Африка өңірінің чемпионатына 40 мемлекеттен бес жүзден астам спортшы қатысты.

photoДүбірлі додадан абыроймен оралған Айбарды бүгін Астана әуежайында достары мен әріптестері қошеметпен қарсы алды.photophotophoto
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или