Ермахан Жақпеков әлем чемпионын ойсырата жеңді

Ермахан Жақпеков әлем чемпионын ойсырата жеңді

Қазақстандық боксшы Ермахан Жақпеков Астанада «Елорда кубогы» халықаралық турнирінде сенсация жасады.

71 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша өткен жекпе-жекте Жақпеков жапондық Севон Окадзавамен кездесіп, айқын басымдықпен жеңді - 3:0.

Севон Окадзава – 2021 жылғы әлем чемпионы, 2019 жылғы Азия вице-чемпионы. Ал Ермахан Жақпеков жастар арасында Азия чемпионы болған. «Елорда кубогы» турниріндегі алғашқы жекпе-жегінде ол Тәжікстан өкілі Довуд Махамовты жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или