Бубликтің Уимблдондағы алғашқы қарсыласы белгілі болды

Бубликтің Уимблдондағы алғашқы қарсыласы белгілі болды

Бүгін Уимблдонның ерлер арасындағы жарысының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстанның үздік теннисшісі, ATP рейтингінде 26-орында тұрған Александр Бублик алғашқы кездесуін америкалық Маккензи Макдональдқа (рейтингте 64-орын) қарсы өткізеді.

Турнирдің қазіргі чемпионы Новак Джокович аргентиналық Петро Качинмен, ал ресейлік Даниил Медведев бірінші айналымда ұлыбританиялық Артур Феримен кездеседі.

Фото: twitter.com/atptour

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или