Головкин Қазақстанда «Канелоның» кейінгі қарсыласымен жекпе-жек өткізбек
Қазақстандық бокстың аңызы Геннадий Головкин Канелоның кейінгі қарсы ұлыбританиялық Джон Райдермен жекпе-жек өткізу бойынша келіссөз бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
GiveMeSport журналисі Чарли Симс мәліметінше, Геннадий Головкин жекпе-жекті Қазақстанда өткізгісі келеді.
«Джон Райдермен жақсылап сөйлестім. Головкинмен келіссөз басталды, мистер жекпе-жекті Қазақстанда өткізуді ұсынды», — деп жазды Симс.

41 жастағы Головкин биыл орта салмақта үш тұжырым бойынша әлем чемпионы титулынан бас тартқан. Геннадийдің ешбір платформамен келісімшарты жоқ, сондықтан ол кез келген арнада жұдырықтаса алады. Головкин 45 жекпе-жегінің біреуін ғана Қазақстанда өткізді - 2010 жылы 16 желтоқсанда Астанада колумбиялық Тапиямен күш сынасқан еді.
34 жастағы Райдер мамырда Сауль Альвареспен 12 раунд бойы жұдырықтасқан болатын. «Канело» 2011 жылдан бері алғаш рет Мексикада жекпе-жек өткізген.
Райдердің рекорды - 32 жеңіс (18 КО) және алты жеңіліс. Екінші орта салмақта WBO тұжырымы уақытша әлем чемпионы титулы болды.