«Қазақстан барысы» турнирінде кімдер бақ сынайды

«Қазақстан барысы» турнирінде кімдер бақ сынайды

2 шілде күні елордада «Қазақстан барысы» республикалық турнирі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2 шілде күні «Барыс Арена» спорт сарайында сағат 12.00-де басталады. Турнирге еліміздің әр өңірінен 41 палуан қатысады. Олардың қатарында Руслан Әбдіразақов, Нұрдәулет Жарылғапов, Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбай, Мақсат Исағабылов және тағы басқа танымал палуандар қатысады деп жоспарланған. Айтулы аламан доданың билеттерін zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады», - деді Астана қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Еркеғали Кәрбозов қалалық орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, айтулы жарысқа өңірлерде іріктеу кезеңдерінен өтіп, финалға жолдама алған мықтылар қатысады. Әр өңірден абсолютті салмақ дәрежесіндегі екі спортшыдан өнер көрсетеді.

Айта кетейік, «Қазақстан барысы» республикалық турнирі қазақ күресін дамыту мақсатында дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или