Рыбакина Уимблдонда чемпиондық атағын үшінші ракетка болып қорғайды

Рыбакина Уимблдонда чемпиондық атағын үшінші ракетка болып қорғайды

Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Елена Рыбакина Уимблдон турнирінде үшінші ракетка болып тіркелді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

<span>Дүниежүзілік рейтингіде де үшінші сатыда тұрған қазақстандық теннисші өткен жылғы чемпиондық атағын қорғайды.</span>

<span>Қазіргі кезде іріктеу сайыстары өтіп жатқан Уимблдон жарысында Польша өкілі Ига Швентек – бірінші, Беларусь өкілі Арина Соболенко екінші ракетка болып тіркелген. Олар тек финалға шыққанда ғана бір-бірімен кездесе алады.</span>

<span>«Үлкен дулыға» додасының өткен жылғы финалисі, тунистік Онс Жабер алтыншы ракетка ретінде сынға түседі.</span>

<span>Қазақстанның ерлер арасында – бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик Уимблдонда алғаш рет таңдаулылар қатарында бақ сынайды. Жуырда Галледегі ірі жарыста тамаша өнер көрсетіп, жеңімпаз атанған А.Бублик жарысқа 24-ракетка болып қосылмақшы.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или