Түркиялық клубтар «Қайраттың» екі ойыншысына көз тікті
Келесі маусымнан бастап Түркия Суперлигасының клубтары түркі елдерінен бір ойыншысын қатарына қоса алады, олар легионер болып есептелмейді. Сондықтан түркиялық клубтар Қазақстан ойыншыларына көз тікті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Prosports.kz мәліметінше, Түркия клубтары алматылық «Қайраттың» екі ойыншысын - Артур Шушеначев пен Микаэль Аскаровты бақылап жүр. Аскаров осы маусымда «Екібастұзда» жалда ойнап жатыр.
Шушеначев алматылық клубтың көшбасшысына айналды. Форвардқа түрлі чемпионаттың командалары көз тіккен.
Ал Аскаров ыстамбұлдық «Фенербахченің» түлегі саналады. Ол Түркия чемпионатында бұған дейін легионер болды, сондықтан тұрақты ойнай алмады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или