Головкин ESPN телеарнасына қонақ болды

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин ESPN телеарнасының SportsCenter студиясына қонақ болып барды.

Қазақстандық өз турының аясында Давид Лемьемен болатын кездесуін жарнамалады. Айта кетейік, 18 тамызда Головкин мен канадалық боксшы Нью-Йоркте біріктірілген жекпе-жекке арналған баспасөз мәслихатын өткізеді. Боксшылар қатысатын пресс-тур Канаданың Квебек қаласында 19 тамызға дейін жалғасып, 20 жұлдызында Лос-Анджелесте аяқталады.

Еске сала кетейік, Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасына жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ. Кездесуді "Қазақстан" телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Tengrinews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или