Мессидің бағасы арзандады

Мессидің бағасы арзандады

Беделді transfermarkt порталының мамандары жұлдызды Лионель Мессидің трансфердегі бағасын өзгертті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Енді «Алтын доптың» жеті дүркін иегері 35 миллион еуроға бағаланып отыр. Алдыңғы есеппен салыстырғанда Месси 10 миллионға арзандады.

Лионель Месси соңғы екі маусымды ПСЖ сапында өткізді. Аргентиналық Лига 1 алыбымен келісімшартты ұзартпай, MLS-ке ауысуды шешті. Енді Месси «Интер Майамиде» ойнайды. Леоның жаңа командадағы дебюті шілденің екінші жартысында күтілуде.

Лионель Мессидің трансфер құнының шыңы 2018 жылы болғанын қосамыз. Содан кейін аргентиналық 180 миллион еуроға бағаланды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или