Геннадий Головкиннің бес тіл білетін қарсыласы

«PROСПОРТ» тілшісі Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы Давид Лемьенің осал тұстары мен деңгейін анықтап өз бағасын берді.

Өмірбаяны

Давид Лемье 1988-ші жылы Канаданың Монреаль қаласында дүниеге келген. Әкесі – француз, анасы – армян. Давид француз болғанымен ол өгей әкесі Меликянның тәрбиесін алды.Лемье бес тілді жақсы меңгерген: армян, француз, испан, ағылшын және араб тілдері. Жалпы, Давид он жасынан бастап бокспен айналаса бастады. Әуесқой бокстан үш дүркін Канада чемпионы атанған, ал 19 жасында кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін өткізді.

Артынша үш жыл ішінде Лемье жиырма беске жуық жекпе-жек өткізіп, 24-ін нокаутпен аяқтады. Бір кездесуді ұпай санымен жеңді.

Алғашқы жеңілісі

Жалпы Давид кәсіби мансабын екінші орта салмақ дәрежесінде бастаған, осылайша 2010-шы жылы канадалық былғары қолғап шебері өзінің алғашқы үлкен жекпе-жегін өткізді. Өз отанында Лемье қазақ жанкүйерлеріне жақсы таныс мексикалық боксшы Марко Антонио Рубиомен жұдырықтасты. Лемье бірінші раундтан бастап Рубионы қыспаққа алып, нокаутқа жібермекші болған. Алайда, жекпе-жек экваторына таяған сәтте Рубио Лемьені алдымен нокдаунға жіберіп, кейін техникалық нокаутпен жеңген болатын. Бұл бокс жанкүйерлері үшін күтпеген нәтиже болды.

Рубиоға қарсы жекпе-жектен кейін Давид Гаити елінің тәжірибелі боксшысы Жоашен Альсиннен ұпай санымен жеңілді. Сол себепті ол жанкүйерлер үшін «үмітті ақтамағандар» қатарына енді.

Бұған қарамастан, канадалық боксшы бапкерін ауыстырып, алдағы өткізген кездесулерінде тек жеңіске жетіп отырды. Лемье қатарынан тоғыз кездесуінде жеңіске жетті. Олардың ішінде Габриэл Росадо, Фернандо Герреро, Альваро Гаона, Айрапетян сияқты мықты боксшылар болды. Ал өзінің соңғы жекпе-жегінде канадалық боксшы тәжірибелі франциялық Хассан НДам НЖикаммен жұдырықтасып, ұпай шешімі бойынша жеңіске жеткен болатын. Бұған қоса орта салмақ дәрежесінде IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды.

Лемьенің промоутері атақты Оскар Де Ла Хойя. Сонғысының келуіммен Давид қазір орта салмақ дәрежесіндегі ең азулы боксшыларының біріне айналды.

Лемье Головкинді қалай ұтпақшы?

Лемье де Головкин сияқты «панчер» (нокаутшы). Себебі 36 кездесудің 31-ін уақытынан бұрын аяқтаған. Давидтің соққылары өте жойқын, өзі физикалық тұрғыда шыдамды боксшы. Бірақ, техникасы Головкинмен салыстырғанда нашарлау. Соққылардың дәлдігі де төмендеу. Головкинге қарсы жекпе-жекте Лемье бірден шабуылға ұмтылады. Бұл оның сүйікті стилі. Он екі раунд бойы шаршамай қол сермейді. Алайда, Геннадийді ұту үшін бұл жеткіліксіз. Тіпті Лемьенің стилі Генаға керісінше ыңғайлы десек те болады. Головкиннің қарымта соққылары мен қысымына Лемье он екі раунд бойы жауап бере алатынына сену қиын. Не болса да, бәрін шаршы алаң көрсетеді. Бірақ Лемье Головкиннің мансабындағы ең мықты қарсыласы екеніне күмән келтірмейміз.

Головкиннің көптен күткен «үлкен» кездесуіне және орта салмақтағы белбеулерді біріктіруіне екі айдан астам уақыт қалды. Кездесу қазанның 17-і, Нью-Йорк қаласындағы атақты «Madison Square Garden» аренасында өтеді.

Дайындаған: Қайсар ОҚАС

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или