Әлем чемпионатының соңғы күні қоржынымыз қос медальмен толықты

Қазақстандық палуандар Бразилияның Сальвадоре-де-Байя қаласында өткен жастар арасындағы Әлем чемпионатынан медальмен оралды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Алғашқы қола медальді 96 келідегі палуан Бақдәулет Әлментай жеңіп алды. Ол үшінші орын үшін өткен бәсекеде финляндиялық палуан Хейно Тапониді 7:4 есебімен ұтқан. Жарыс жолында Бақдәулет жапониялық қарсыласын уақытынан бұрын жеңсе, жартылай финалда әзірбайжандық спортшыдан жеңіліп қалған.

Екінші қола медальді 84 келідегі Илисхан Чилаев жарыстың соңғы күні жеңіп алды. Илисхан Чилаев бірінші кездесуінде үндістандық палуанды уақытынан бұрын жеңсе, қола медаль үшін өткен күресте польшалық қарсыласын 5:2 есебімен жеңген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или