«Челси» мен «Милан» америкалық футболшыға қызығушылық танытып отыр

«Челси» мен «Милан» америкалық футболшыға қызығушылық танытып отыр

Испаниялық «Валенсия» мен АҚШ құрамасының жартылай қорғаушысы Юнус Мусаға еуропалық екі топ клуб қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Журналист Фабрицио Романоның мәліметінше, ойыншыны лондондық «Челси» мен «Милан» клубтары сатып алғысы келеді.

Футболшы үшін шамамен 20 миллион еуро ұсынылса, «Валенсия» басшылығы онымен қоштасуға дайын.

Муса өткен маусымда «Валенсия» сапында 36 ойынға қатысып, екі гол соққан. Тараптар арасындағы келісімшарт 2026 жылдың ортасына дейін есептелген. Юнус испандық клуб сапында 2020 жылдың тамыз айынан бері ойнап келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или