Киевтік «Динамоның» бұрынғы футболшысы карьерасын Қазақстанда жалғастырады

Киевтік «Динамоның» бұрынғы футболшысы карьерасын Қазақстанда жалғастырады

Украиналық тіреуші жартылай қорғаушы Евгений Чумак Түркістан облысының «Арыс» командасына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол бірінші лига командасына қосылды.

27 жастағы футболшы бұған дейін 2021 жылғы маусымда «Тұран» сапында өнер көрсеткен.

Чумак Қазақстанға оралмғанға дейін Өзбекстан чемпионатында өнер көрсетіп, самарқандтыұ «Динамо» намысын қорғады.

Жартылай қорғаушы спорттық карьерасын киевтік «Динамода» бастап, екі матчта бір гол соққан. Ол сонымен қатар «Говерла», «Карпаты» (екеуі де Украина), «Днепр» (Беларусь), «Шевардени» (Грузия), «Бунедкор» және «Металлург» (екеуі де Өзбекстан) командаларында ойнаған. Ол Украина жастар құрамасы сапында алты кездесу өткізіп, екі гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или